Редакция таңдауы
Сенатор тарихи Қапал ауылын сақтау мәселесін көтерді
Сенатор Бақытжат Жұмағұлов Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады. Онда жер жәннаты Жетісу жерінде, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан, тарихы тереңнен тамыр тартатын Қапал ауылының бүгінгі жай-күйіне қатысты мәселе көтерілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қараша, 2020
"Нұрлы жер" бағдарламасының жартысынан көбі игерілмеген - сенатор
Сенатор Андрей Лукин «Нұрлы жер» қол жетімді тұрғын үй салу мемлекеттік бағдарламасын іске асыру көрсеткіштеріне күмәнданатынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қараша, 2020
"Қашағанда" өндірілген мұнай 50 млн тоннаға жетті
Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы ең ірі кеніш – "Қашаған". Бұл кен орнынан мұнай өндіру 2013 жылы басталған еді. Ал 2016 жылы мұнда "қара алтын" алу қайта жалғасты. Соңғы төрт жылда өндірілген мұнайдың көлемі 50 млн тоннаға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қараша, 2020
Сенаторлар жол сапасын жақсарту үшін бақылауды күшейтуді ұсынды
Сенат Төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіров және сенаторлар Рысқали Әбдікеров пен Сергей Ершов еліміздегі маңызды автожолдардың сапасына, сондай-ақ, осы саладағы өзекті проблемаларға Үкімет басшысының назарын аударды. Депутаттар сауалында жыл сайын жолдардың жөнделуі мен күтімі үшін бөлінетін қомақты қаражат та сөз болды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 Қараша, 2020
Сайлау комиссиясына 34 өтініш келіп түскен - ОСК
ҚР ОСК мүшесі Ерлан Дауылбаев Орталық сайлау комиссиясына сайлау жарияланған күннен бері 34 өтініш келіп түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
26 Қараша, 2020
Германияда 20 желтоқсанға дейін мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтары жабық болады
Германияда 20 желтоқсанға дейін мейрамханалар мен басқа да қоғамдық тамақтану орындары, сондай-ақ ойын-сауық және мәдени орталықтар жабық болады, - деп хабарлайды Egemen.kz
26 Қараша, 2020
Дәрігерлер шекарадан өткендерге жалған анықтамалар сатқан
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері карантин кезінде Қазақстан аумағына заңсыз кіріп-шыққандарды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
26 Қараша, 2020
Қазақстанның гуманитарлық көмегі Бішкекке жетті
Қазақстаннан гуманитарлық көмек ретінде жіберілген медициналық бұйымдар мен жабдықтар бүгін Бішкекке жеткізілді.
26 Қараша, 2020
Алматы әкімдігі кесілген ағаштардың орнына 30 емен отырғызады
Алматыдағы "Сулпак" сауда үйінін алдында жайқалып өсіп тұрған ағаштарды кесілуі тұрғындардың үлкен наразылығын тудырып отырғаны аян, деп хабарлайды Egemen.kz
25 Қараша, 2020
26 қарашада Сенаттың кезекті отырысы болады
2020 жылғы 26 қарашада, бейсенбі күні сағат 10:00-де Сенаттың кезекті отырысы болады, деп хабарлайды Egemen.kz
25 Қараша, 2020
Президент: Студенттердің шәкіртақысы 2 есеге көбейеді
Nur Otan партиясының кезекті Съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев студенттердің шәкіртақысы 2 есе, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 1,5 есе көбейетінін айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
25 Қараша, 2020
Назарбаев университеті секілді 2 озық оқу орны ашылады
Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев Университетінің тәжірибесі негізінде кемінде тағы 2 озық өңірлік оқу орны ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
25 Қараша, 2020
Мемлекет атаулы көмекті шын мәнінде мұқтаж адамдарға беру керек - Президент
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Nur Otan" партиясының кезектен тыс XX Съезінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қараша, 2020
Атырауда екі жылда ЭКО-мен 177 сәби өмірге келді
"Экомед Атырау" орталығының репродутолог-дәрігері Гүлсара Басарованың мәліметінше, бедеулік диагнозымен 3000 мың әйел мен ер адам тіркеліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
25 Қараша, 2020
Fitch рейтингі қазақстандық банктің тұрақтылығын растады
2020 жылдың 23 қарашасында Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі болжамды негативтен тұрақты деңгейге дейін жақсарту және ForteBank эмитентінің ұзақ мерзімді дефолт рейтингін (ҰДР), Қазақстандағы жалпы операциялық ортада теріс болжамның сақталып тұрғанына қарамастан, растау туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
25 Қараша, 2020
Қазір көзін тапқанға кәсіптің түрі көп. Ежелден мал бағып, оның игілігін көрген қазақ үшін бұл таңсық емес. Бүгінде Т.Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылының тұрғыны Кенжебек Сейдахметов етті және сүтті бағыттағы асылтұқымды голландиялық «Заннин», пәкістандық «Биттал» ешкілерін өсірумен айналысады.
25 Қараша, 2020
Ораз Жандосов негізін қалаған Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне – 90 жыл
Отандық ауылшаруашылық білімі мен ғылымының қарашаңырағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің құрылғанына – биыл 90 жыл. Оқу орнымыздың негізін қалаған Алаш қайраткері Ораз Қиқымұлы Жандосовтың есімі біздің университет ұжымы үшін өте ерекше және оны мақтан тұтамыз. Ағартушылық салада Халық комиссары болып жүрген шағында орасан істер атқарған О.Жандосовтың тікелей ұйымдастыруымен елімізде педагогикалық, ауылшаруашылық және ветеринарлық институттармен қатар орта білім беретін бірнеше мекеме ашылды.
25 Қараша, 2020
Ақмоладағы ахуал жақсарып келеді
Өңірдегі эпидемиялық жағдай біршама тұрақты. Соңғы екі-үш күн төңірегіндегі статистикаға назар аударсаңыз, облыс жасыл аймаққа өтті. Қолданыстағы қаулыға қосымша өзгертулер енгізілді. Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина жан-жақты айтып берді.
25 Қараша, 2020
Ойға алған мақсат-мұратымыз орындалмай, сәті түспей қалған шақтарда өзімізді ақтап алуға тырысып, өмірге нала артатын кездер болады. Бірақ бұл өз қателігінен сабақ ала отырып, тек алға алға ұмтылып тұратын қайсар жандарға қатысты емес. Жас өнертапқыш Фараби Самаликовтің де талабы таудай, мақсаты өршіл.
25 Қараша, 2020
Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының аяғында АҚШ-тың Даллас аймағындағы Бэйлор университетінің стадионында студенттердің кезекті жаттығулары өтіп жатты. Жеңіл атлеттердің бірі алаң жиегінде өз бетінше жаттығып, енді бірі алты жолақты жүгіру жолында бір-бірімен жарысып жүрсе, енді бірі бапкердің нұсқауларын тыңдап тұр. Күнделікті жаттығудағы әдеткі жағдай. Бір кезде ауа райы кілт бұзылып, аспаннан нөсер жауын құйды да кетті. Бәрі оқу ғимараттарының ішіне қарай жүгіріп кірді. Бір кезде бапкер барлық оқушылардың терезеге телміріп қарап тұрғанын байқады. Барып қараса, бір студент ештеңе болмағандай, жауын астында жаттықтырушының берген тапсырмасын орындап, жаттығуын жалғастырып жүр екен. Бұл болашақта аты алты құрлыққа кеткен атақты желаяқ Майкл Джонсон еді.
25 Қараша, 2020