XXVIII сессиясы
Аймақтар • 06 Маусым, 2025
Ақтөбе облыстық ҚХА-ның XXVIII сессиясы өтті
Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы өңір басшысы Асхат Шахаровтың төрағалығымен өтті. Іс-шара ҚХА-ның 30 жылдығына орайластырылды және биыл сәуір айында Мемлекет басшысының ҚХА-ның XXXIV сессиясында қойған міндеттерін іске асырудағы маңызды кезең болды. 5 маусымда өткен аталған сессияға облыстық ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен белсенділері, «Ассамблея жастарының» өкілдері, мәслихат депутаттары, қала және аудан әкімдері, құқыққорғау органдарының қызметкерлері, жоғары оқу орындары мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz аталған облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.