Veon
Оқиға • 13 Қараша, 2025
Отандық такси нарығына жаңа компания келуі мүмкін
Халықаралық Veon компаниясы Қазақстанда цифрлық экожүйе қалыптастыруға кірісті. Bloomberg агенттігінің мәліметінше, компания қазірдің өзінде OLX Group-тың еліміздегі бөлімшесін сатып алу жөнінде келісімге келген. Ендігі мақсат – Kaspi.kz сияқты ірі финтех компаниясымен, сондай-ақ «Яндекс» басқаруындағы жергілікті такси сервистерімен бәсекеге түсу, деп хабарлайды Egemen.kz.