IChO-2025 олимпиадасы
Білім • 14 Шілде, 2025
Қазақстандық оқушылар IChO-2025 олимпиадасында топ жарды
Қазақстандық оқушылар тағы бір мәрте әлемдік білім аренасында оза шауып, еліміздің мәртебесін асқақтатты. 5–14 шілде аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Халықаралық химия олимпиадасында (International Chemistry Olympiad, IChO-2025) Қазақстан ұлттық құрамасының барлық мүшесі жүлдегер атанды. Олардың екеуі – алтын медаль иегерлері, деп хабарлайды Egemen.kz.