Ekazent Management GmbH
Оқиға • 30 Мамыр, 2025
Елімізде халықаралық аутлет орталығы салынады
Астанада өткен Халықаралық инвестициялық форум (AIF) аясында еліміздегі алғашқы халықаралық аутлет-орталығын салуға бағытталған бас келісімге қол қойылды. Ауқымды жоба Алматы облысында QSM тобының бастамасымен жүзеге асырылады. Стратегиялық серіктес ретінде австриялық Ekazent Management GmbH компаниясы таңдалған, деп хабарлайды Egemen.kz.