AITU KazRoboDrone 3.0
Әскер • 24 Ақпан, 2026
Қашықтан барлау, жауынгер қауіпсіздігі: Заманауи әскери техниканы меңгерудің маңызы қандай?
Cоңғы жылдары әскери салада ұшқышсыз ұшу аппаратын (дрон) басқару машығының маңызы айрықша артып келеді. Қашықтан барлау, ақпарат жинау, жауынгерлердің қауіпсіздігі мен тактикалық икемділік тұрғысынан дрондарды басқаруды үйрену стратегиялық мүмкіндіктерді де кеңейтеді. Заманауи шешімдерді шебер меңгеру мен тәжірибе толыстыру мақсатында 19-20 ақпан күндері елордада әскерилер арасында AITU KazRoboDrone 3.0 халықаралық дрон-рейсинг және авиамодельдеу жарысы ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.