86 орын
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2025
Еліміздің суперкомпьютері ТОП-100 қатарына енді
Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» базасында құрылған ұлттық суперкомпьютер Alem.Cloud дүниежүзі бойынша ең қуатты есептеу жүйелері рейтингінде 86-шы орынды иеленді. Аталған тізімге HPL стандартымен тестілеуден өткен, халықаралық деңгейде мойындалған кластерлер ғана енгізіледі, деп жазады Egemen.kz.