25-қазан
Республика күні • 13 Қазан, 2025
Республика күні қарсаңында «Qazaqstan Barysy» турнирі өтеді
2022 жылдан бері 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке ретінде кеңінен аталып өтеді. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, ел тәуелсіздігіне бастайтын алғашқы маңызды қадам жасалды. Бүгінде егемендік ұғымы біз үшін табиғи, қалыпты құбылыс болып көрінгенімен, оның астарында ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы арман-мұраты мен ерен еңбегі жатыр. Сондықтан тәуелсіздіктің қадірін ұмытпай, оны сақтау мен нығайту – бүгінгі ұрпақтың басты борышы, деп жазады Egemen.kz.
Сұхбат • 23 Қазан, 2023
Рашида Харипова: «Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталатын күн»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен 25 қазан Республика күні деп белгіленіп, еліміздің басты мерекесі ретінде қайта тойланып келеді. Осынау мерекенің мән-мазмұнын айшықтауға мәдени мекемелер жан-жақты атсалысып, айтулы датаның мемлекеттік деңгейде тойлануына өз салалары бойынша үлес қосып жатыр. Осы тұрғыда ұлттық құндылықтарымыздың ең бір маңызды жәдігерлері сақталған Алматыдағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің директоры Рашида Хариповамен әңгімелескен едік.