23 мыңнан астам адам
Қоғам • 11 Шілде, 2025
Биыл 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалған
Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары еліміздегі 92 кәсіпорын 2,1 мыңнан астам жұмыскерге 882 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтаған. Түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 3,6 мыңға жуық фактісі белгілі болған. Аталған мәселелер бойынша анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 1 951 ұйғарым беріліп, 233 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған, деп жазады Egemen.kz.