160 жыл
Тарих • Бүгін, 12:55
«Сусағанның түсіне су кіреді»: Әлихан Бөкейханов қазақ қоғамының саяси бейнесін қалай сипаттады?
Бүгін қазақ халқының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, публицист, ұлт азаттығы жолындағы күрестің көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл толып отыр. ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқы үшін күрделі әрі шешуші кезеңде елдің ертеңі үшін күрескен тұлға өз еңбектерінде халықтың саяси құқықтары, жер мәселесі, ұлттық теңдік туралы батыл пікірлер айтты. Мақалаларында патшалық биліктің отаршыл саясатын сынап, қазақ халқының мүддесін қорғады. Бөкейхановтың қазақ қоғамының саяси жағдайын ашып көрсететін маңызды публицистикалық еңбегінің бірі − «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 30 қарашадағы санында жарияланған «Сусағанның түсіне су кіреді» мақаласы.