155 елдің делегаттары
Парламент • Бүгін, 19:36
Ерлан Қошанов 155 елден келген әріптестеріне жаңа Конституция туралы айтып берді
Бүгін Түркияның Ыстанбұл қаласында Парламентаралық Одақтың 152-ші Ассамблеясы өтті. Жиынға әлемнің 155 елінен делегаттар қатысып, «Болашақ ұрпақ үшін үміт ұялату, бейбітшілікті нығайту және әділдікті қамтамасыз ету» тақырыбын талқылады. Қазақстан Парламенті делегациясын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.