11 мектеп
Парламент • 22 Тамыз, 2023
Алматы облысында 11 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын емес
Алматы облысында 11 мектеп пен 1 балабақшада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның төртеуі жыл соңына дейін, ал қалғаны келесі жылы пайдалануға берілмек. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жанарбек Әшімжан облысқа жұмыс сапары барысында Талғар ауданының Белбұлақ ауылында күрделі жөндеу жүріп жатқан мектепке барды, деп хабарлайды Egemen.kz.