әскер
Қоғам • 27 Қараша, 2023
Әскерилер күзгі бал мерекесін атап өтті
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Абай гарнизонындағы 54770 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің «Алтын күз» атты күзгі бал мерекесі ерекше қызықты көріністерімен көз тартты. Патриоттық-мәдени шараға әскери бөлімдегі ең мықты сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаздар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Абай өңірлік әскери гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскер • 20 Қараша, 2023
Ұлттық ұланда бос орындар жәрмеңкесі өтті
Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 5518 әскери бөлімінде өткен шараға елуден астам жұмыс іздеуші қатысты. Оларға өңірлік қолбасшылықтың басқарма мамандары әскери қызметке тұру барысынан бастап, мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер жайынан хабардар етті.
Оқиға • 15 Қараша, 2023
Қаңтар оқиғасы: Кішкентай Айкөркемді өлтірді деген әскери ақталды
Бүгін Алматы гарнизоны әскери соты Арман Жұманға үкім шығарып, оны ақтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 31 Қазан, 2023
Павлодар әскерилері майдангерді ғасырлық мерейтойымен құттықтады
Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Алмасбек Бұхарбаев және «Қарулы Күштер ардагерлері» РҚБ облыстық филиалының төрағасы Жан Қаратаев екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан Мария Курбатованы жүз жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Айбын • 17 Қазан, 2023
Жетісуда әскерге асық жастар көп
Қазіргі геосаяси жағдай ушығып тұрғанда еліне қорған болар жастарды тәрбиелеу маңызды. Осы ретте Жетісуда түрлі іс-шара ұйымдастырылып жатыр. Тіпті, Екінші дүниежізілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерді туған жеріне жерлеу рәсімі де қолға алынып отыр. Осы ретте Жетісу облысы қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің бастығы подполковник Медет Турскелдиевпен әңгімелескен едік.
Әскер • 16 Қазан, 2023
Қорғаныс министрінің орынбасары елдің шығысы мен батысындағы гарнизондарда болды
Жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов әкімдермен кездесіп, әскери бөлімдер мен мекемелердің жылу беру маусымына дайындығын тексерді.
Әскер • 04 Қазан, 2023
Ұлттық ұлан сарбаздары тәжірибесін арттырды
Бүгін елордада ҚР Ұлттық ұланына қарасты 3656 әскери бөлімінің қызметкерлері парашютпен секіру жаттығуларын орындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марапат • 19 Қыркүйек, 2023
Өрттен баланы аман алып шыққан азаматтар марапатталды
Көпқабатты тұрғын үй пәтерінде тұтанған өрттен баланы аман алып шыққан Қарағанды өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының әскери қызметшілері марапатталды, деп жазады Egemen.kz.
Егемен Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2023
Әскери журналистика бөлімінің студенттері «Қазақ газеттерінде» қонақта болды
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әскери кафедрасының оқытушысы Әбубәкір Смайыловтың жетекшілігімен аталған оқу орнының әскери журналистика бөлімінің студенттері бүгін «Қазақ газеттері» ЖШС ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 11 Қыркүйек, 2023
Әскери қызметшілер Отбасы күнін атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшілері Отбасы күні мерекесін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 05 Қыркүйек, 2023
Президент Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының шұғыл кеңесін өткізді
Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Батыл тойтарыс – 2023» оқу-жаттығу жиыны өтетін жерге келген соң Бас штабтың алдыңғы шептегі басқару пунктін аралап көріп, шұғыл кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 05 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы: Әскердің күші – тәртіпте
Қасым-Жомарт Тоқаев офицерлер мен жеке құрамның жауынгерлік машығы мен моральдық рухының жоғары болуы Қарулы Күштер тиімділігінің басты факторы екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 05 Қыркүйек, 2023
Қазақстан армиясы кез келген сын-қатерге дайын болуы қажет - Президент
Мемлекет басшысы оқу-жаттығу жиынына жұмылдырылған бөлімшелердің дайындық деңгейіне оң баға берді. Сонымен қатар Президент бұл оқу-жаттығу жиындары күрделі геосаяси кезеңде өткізіліп отырғанына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 05 Қыркүйек, 2023
Президент «Батыл тойтарыс-2023» әскери оқу-жаттығу жиынына қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Батыл тойтарыс-2023» стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушы • 28 Тамыз, 2023
Қарағандыда әскерилер бес жасар баланы өрттен құтқарды
Қарағанды өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасының үш қызметкері жанып жатқан пәтерден бес жасар баланы құтқарып қалды. Олардың бұл әрекеті әлеуметтік желілердегі жарияланымдардан белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 13 Тамыз, 2023
Әскери құрылысшылар кәсіби мерекесін атап өтті
Құрылысшылар күніне орай гарнизондарда әскери қызметшілердің, азаматтық персоналдың және сала ардагерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шаралар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскер • 11 Тамыз, 2023
Әскери-әуе күштері С-295МW әуе кемесімен толықты
Қорғаныс министрлігі армияның барлық аспектісін дамыту және әскерлерді техникалық жарақтандыру шараларын кешенді түрде жүзеге асырып келеді. Авиациялық парк те жыл сайын жаңа техникамен толығуда. Астана қаласының авиабазасына испандық Airbus Defence and Space компаниясы шығарған жүк көтергіші орташа С-295МW әскери-көлік ұшағы келіп жетті, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 22 Шілде, 2023
Атырауда әскери бағыттағы мектеп ашылды
Биыл Атырауда алғаш рет әскери бағыттағы «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 12 Шілде, 2023
«Әскери құрылыс» АҚ басшылығы 596 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Әскери құрылыс» АҚ бұрынғы президенті Е. Тәжиденовтың және басқалардың басшылығымен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz ANTIKOR телеграм арнасына сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Шілде, 2023
Ұлттық ұлан сарбаздары Әскери ант қабылдады
8 шілде күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінің саптық алаңында әскер қатарына жақында қосылған сарбаздар Әскери ант қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Шілде, 2023
Әскери қызметшілер мерекелік флешмоб ұйымдастырды
Әскери полицейлер флешмоб ұйымдастырып, Астанаға деген сүйіспеншілігін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Шілде, 2023
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кеткен
Адвокат Анна Чернова мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кеткені жайлы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Маусым, 2023
Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Беларусь елінің әскери өкілдерімен кездесті
Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Беларусь Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінің делегациясы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақановпен «Спасск» оқу-жаттығу орталығында кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 17 Маусым, 2023
Тәжікстан мен Қазақстан әскерилері арасында кездесу өтті
Тәжікстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Сухроб Рауфзада бастаған делегация әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін Қазақстан астанасына арнайы келді, деп жазады Egemen.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Маусым, 2023
Мерзімді әскери қызметін өтеген әскерилерге жеңілдіктер жасалады
Мәжiлiс депутаттары мүдделi мемлекеттiк органдар өкiлдерiмен бірге әскери қызмет өтеген әскери қызметшiлерге бiлiм беру және басқа да жеңiлдiктер тетiгiн iске асыру мәселелерiн қарады. Талқылау Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспанның жетекшілігімен өткен комитеттің кеңейтілген отырысы аясында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Маусым, 2023
Семей орманындағы өртті сөндіруге екі облыстан әскерилер жіберілді
Төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес бүгін таңғы сағат 4-те өрт орнына Қарағанды мен Алматы облыстарынан 52859 және 28237 әскери бөлімдерінің қызметкерлері жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Маусым, 2023
«Ешқайда барғалы жатқан жоқпыз»: Қорғаныс министрі желідегі қауесетті жоққа шығарды
ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов «Қазақстан әскері Ресей шекарасы мен қалаларын күзетуге жіберілуі мүмкін» деген қауесетке қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 30 Мамыр, 2023
Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
Қорғаныс министрлігі «Әскери қызметке запастағы офицерлерді шақыру туралы» Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 27 Мамыр, 2023
Әскери басылымдардың патриотизмді насихаттаудағы рөлі талқыланды
26 мамыр күні ҚР Ұлттық ұланы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде «Бұқаралық ақпарат құралдарында патриотизмді насихаттаудағы әскери баспасөздің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Мамыр, 2023
Алматыда әскери журналистердің жиыны өтіп жатыр
24 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде әскери басылымдарда қызмет ететін журналистердің оқу-әдістемелік жиыны өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.