Әуе бағыты
Оқиға • Бүгін, 11:45
Қазақстан арқылы жаңа халықаралық әуе бағыты ашылады
Көлік министрлігі еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру және халықаралық әуе қатынасын кеңейту бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыруда. Осы бастама аясында биылғы жылдың 11 шілдесінен бастап вьетнамдық «VietJet Air» әуе компаниясы жаңа халықаралық бағытты іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.