Қауіпті жол учаскелері
Үкімет • 15 Қыркүйек, 2025
Бектенов әкімдіктерге қауіпті жол учаскелерін дереу реттеуді жүктеді
Үкімет отырысында жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мәселесі талқыланды. Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Жолдауында бұл тақырыпты халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей әсер ететін аса маңызды бағыт ретінде айқындағанын еске салды. Дегенмен қабылданып жатқан шараларға қарамастан, елде жол-көлік апаттарының саны мен адам шығыны азаймай отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.