ғалымдардың экологиялық жобалары
Экология • Кеше
RES 2026 халықаралық саммиті: Әуезов университеті ғалымдарының экологиялық жобалары таныстырылды
Астанада бірқатар ел басшыларының қатысуымен өткен Өңірлік экологиялық RES 2026 саммиті аясында жасыл технологиялар көрмесі ұйымдастырылып, онда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары өздерінің бірегей ғылыми жобаларын ұсынды. Ауқымды жиын экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және жасыл энергетиканы дамыту мәселелерін талқылауға арналды, деп жазады Egemen.kz.