іскерлік форум
Форум • 28 Мамыр, 2025
«Италия – Қазақстан» іскерлік форумында 10 меморандум жасалды
Бүгін Astana International Forum аясында ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан-Италия сауда қауымдастығы (ACIK) және екі ел Елшіліктері бірлесіп ұйымдастырған «Италия – Қазақстан» іскерлік форумы өтті. Іс-шара екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау, іскерлік байланыстарды нығайту және қосылған құн тізбегі бойынша – логистика мен өнеркәсіптік кооперациядан бастап жоғары технологиялар мен «жасыл» энергетикаға дейін – бірлескен жобаларды іске қосу үшін маңызды алаңға айналды, деп хабарлайды Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.