шетелдерден қаржы алатындар
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Депутат: Шетелден қаражат алушылардан ашықтық талап етілуі қажет
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Магеррам Магеррамов өз сауалын Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жолдады. Депутат шетелдерден қаражат алушыларға (2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша тізілім Мемлекеттік кірістер комитеті сайтында жуырда жарияланған) қатысты мәселені көтерді, деп жазады Egemen.kz.