цифрлық көмек
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:15
Елімізде 165 мың педагог ChatGPT Edu жүйесін қолданады
Елімізде білім жүйесіне жасанды интеллект құралдарын енгізу жөніндегі ұлттық жоба басталды. Бастама OpenAI компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылып отыр. Оның аясында 165 мың педагог білім беру мақсаттарына арнайы әзірленген ChatGPT-дің нұсқасы, яғни ChatGPT Edu жүйесіне қол жеткізе алады. Жобаның демеушісі − Freedom Holding Corp., ал технологиялық интеграция бойынша серіктесі – Bilim Group IT холдингі, деп хабарлайды Egemen.kz.