тау туризмі
Туризм • Кеше
Жастардың шетелге кетуі азаяды: Курорт аумағында заманауи жұмыс орындары ашылады
Алматыда Көк-Жайлау шатқалындағы Almaty SuperSki тау курорты жобасына қатысты қоғамдық тыңдаулар жалғасып жатыр. Талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі – жобаның еңбек нарығына әсері мен жастар үшін ашылатын мүмкіндіктері туралы болды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • Кеше
Шымбұлақ пен Oi-Qaragai курорттарын байланыстыратын аспалы жолдар салынады
Алматы облысы Талғар ауданындағы Бесқайнар ауылында Алматы тау кластерін дамыту жобасына арналған қоғамдық тыңдау өтіп жатыр. Жиында туристік инфрақұрылымды жетілдіру, Іле Алатауы табиғатын сақтау, экологиялық тұрақтылық және жобалардың әлеуметтік әсері кеңінен талқылануда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • Кеше
Талғат Ғазизов: Қазақстанда туризм саласы тұрақты өсім көрсетіп отыр
Туризм әлеуетін арттыратын «Almaty Superski» жобасына арналған қоғамдық тыңдау өтті. Іс-шара барысында туризм саласын дамыту, Алматы тау кластерінің әлеуеті және халықаралық деңгейдегі тау туризмі орталығын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Басқарма төрағасы Талғат Ғазизов өз сөзінде Қазақстандағы туризм саласының кейінгі жылдары тұрақты өсім көрсетіп отырғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • Кеше
Көкжайлауда «Almaty Superski» курортын салу бойынша қоғамдық тыңдау басталды
Алматыда Көкжайлау шатқалындағы «Almaty Superski» тау курортын салу жобасына қатысты қоғамдық тыңдау өтіп жатыр. Оған мемлекеттік органдар өкілдері, экологтар, сарапшылар, қоғам белсенділері және қала тұрғындары жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 12 Мамыр, 2026
Алматы жыл бойы жұмыс істейтін тау туризмі орталығына айналмақ
Алматы қаласында «Алматыбасжоспары» ҒЗИ алаңында еліміздегі ең ірі туристік инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Алматы тау кластері мен «Almaty Superski» жобасының даму перспективаларына арналған кеңес өтті, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 25 Ақпан, 2026
Халықаралық сарапшылар Алматының тау туризмін дамытуға қолдау білдірді
Алматыда өткен салалық жиында қала мен өңірдің тау туризмін кешенді дамыту мәселесі талқыланып, жетекші мамандар мен инвесторлар өз көзқарастарын білдірді. Спикерлер Алматының бірегей табиғи әлеуеті мен географиялық артықшылықтарын атап өтіп, кластерлік тәсіл арқылы өңірді халықаралық деңгейдегі тау туризмі орталығына айналдыруға болатынын жеткізді. Бұл туралы Алматы қаласының туризм басқармасы мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz