су үнемдеу технологиялары
Қазақстан • 02 Қазан, 2025
Су үнемдеу технологияларын қолдану аумағы 86 пайызға ұлғайтылды
Елімізде 2024 жылдан бері су үнемдеу технологияларын және суару жүйесін енгізуге арналған субсидия түрінде мемлекеттік қолдау көрсету бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Шаруалардың инфрақұрылым тарту, су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын өтеу үлесі 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ тариф құнына байланысты суармалы суға субсидияның сараланған мөлшері енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 09 Қыркүйек, 2025
Су үнемдеу технологияларын дамытуға 214 млрд теңге бөлінеді
Алдағы үш жыл ішінде мемлекет ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізуді қолдауға 214,6 млрд теңгеден астам қаражат бөледі. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкіметтің кезекті отырысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Тамыз, 2025
Су үнемдеудің жаңа тетіктері әзірленді
Мемлекет басшысының жыл сайын 150 мың гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Су ресурстары және ирригация министрлігі шаруаларды заманауи суару жүйелеріне көшуге ынталандыру тетіктерін әзірледі. Сала министрлігі фермерлерге су үнемдеу технологияларын сатып алу-орнату бойынша және инфрақұрылым тарту кезінде ұңғыма бұрғылауға жұмсалған шығындардың өтемақы мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 09 Шілде, 2025
Суармалы жерлердің ауқымы ұлғаяды
Президенттің 2023 жылғы Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау шеңберінде Үкімет Су ресурстары және ирригация министрлігіне су үнемдеу технологияларын енгізуге арналған инвестициялық салымдар кезінде су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау және шығыстардың бір бөлігін өтеу жөніндегі Ауыл шаруашылығы министрлігінің функцияларын беру туралы шешім қабылдады. Тұтастай алғанда, қабылданған функциялар суару кезінде су үнемдеу технологияларын енгізу есебінен шаруалардың су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін кешенді шешуді қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Маусым, 2025
Елімізде суару қондырғыларын шығаратын төрт зауыт бар
2024 жылы ел бойынша шамамен 158 мың гектар жерге (оның 130 мың гектары оңтүстік өңірлерге тиесілі) су үнемдеу технологиялары енгізілген. Ал биылғы жыл басталғалы бері 85 мың гектар (оның ішінде оңтүстік өңірлерде 59 мың гектарға жуық) жерге су үнемдеу технологиялары орнатылып, оның ішінде 15,5 мың гектарға жаңбырлатып суару және 29,4 мың гектарға тамшылатып суару жүйелері қолданылған, ал 14,1 мың гектар жер лазерлік құрылғымен тегістелген, деп хабарлайды Egemen.kz.