субұрқаққа шомылу
Қоғам • Бүгін, 17:42
Субұрқақта шомылудың денсаулыққа қандай зияны бар?
Астанада мамыр айында іске қосылатын субұрқақтар сонадайдан көз тартып тұрады. Әсіресе, ыстық күндері тұрғындардың салқындауы үшін үшін субұрқақ маңы таптырмас орынға айналады. Субұрқақты қызықтап суына шомылатын балақайларды жиі көзіміз шалады. Мұндайда балалардың шат-шадыман күлкісі мен ойынын бұзғың-ақ келмейді. Бірақ мұндай сәттер кейде ауыр жағдайға әкелуі де мүмкін. Осы орайда Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхамғали Арыспаевтан субұрқақтан келетін зиян туралы сұрап-білген едік, деп жазады Egemen.kz.