смарт-сөмке
Мектеп • Бүгін, 12:02
Абай облысында 6-сынып оқушысы смарт-сөмке ойлап тапты
Абай облысының Аягөз қаласындағы №5 мектептің 6-сынып оқушысы Малика Тұрсын заманауи технологиялармен жабдықталған смарт-сөмке жасап шығарды. Алғаш көргенде кәдімгі рюкзакқа ұқсайтын бұйымның басты ерекшелігі – балалардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған функцияларының болуы, деп жазады Egemen.kz.