скринингтік тексерулер
Медицина • Бүгін, 11:12
Ауырмайтын жол ізде: Профилактикалық мәдениет қалыптасып келе ме?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДС) аурудың алдын алу емдеуден әлдеқайда тиімді әрі экономикалық тұрғыдан ұтымды екенін әлдеқашан дәлелдеген. Қазақстанда да скринингтік бағдарламалар жүйелі жүргізіліп жатыр. Бұрынырықта денсаулық туралы сөз қозғалса, «ауырсақ емделеміз» деген сөзді көбірек естісеңіз, соңғы жылдары сырқаттың алдын алу және ерте анықтау әрі салауатты өмір салтын ұстану мәселелері жиі айтылып, профилактикалық мәдениетке бетбұрыс байқала бастаған. Тұрғындардың (әсіресе, ірі қалаларда) жыл сайынғы кешенді тексеруден өтуді әдетке айналдыра бастауы – жеке жауапкершіліктің күшейіп келе жатқанының айғағы, деп жазады Egemen.kz.