көкөністер-жемістер
Сұхбат • Бүгін, 15:15
Нитрат пен химия: Ерте піскен жемістердің денсаулыққа зияны бар ма?
Көктем мезгілі басталысымен-ақ базарлар мен дүкендерде ерте пісетін көкөністер мен жемістер пайда бола бастайды. Дәл осы кезеңде қияр, қызанақ, редис, құлпынай және басқа да маусымдық өнімдерге сұраныс артады. Жаздың бастапқы тұсында да сөрелерде самсап тұратын мұндай өнімдер тұтынушыларды өзіне ерекше тартып тұрады. Көкөністер мен жемістер дұрыс тамақтанудың маңызды бөлігі екені белгілі. Алайда ерте піскен өнімдердің денсаулыққа пайдасы бар ма? Осы орайда Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхамғали Арыспаевпен сұхбаттасқан едік.