естеліктер
Жұмыс • 27 Маусым, 2025
Түрлі саладағы тілшілер: бір мамандық – мың мүмкіндік
XXI ғасырды бұқаралық ақпарат құралдарынсыз елестету мүмкін емес, себебі бұл сала жыл өткен сайын дамып келеді. Журналистика әлеуметтік институт болғандықтан, халыққа әлемде болып жатқан барлық оқиғалардан хабардар болуға мүмкіндік береді. Билік пен азаматтар арасында алтын көпір қызметін атқаратындықтан қоғамның негізгі қозғаушы күші де ең алдымен, журналистер қауымы. 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында осы саланың ыстығына күйіп, суығына төзіп, жан-жақты қабілеттілігі мен әмбебаптығының арқасында түрлі салада еңбек етіп жүрген әріптестеріміз еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Тағзым • 12 Сәуір, 2024
Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл: Естеліктер сыр шертеді
Қаныш Сәтбаев туралы естеліктер көп, барлық естеліктердің тоғысқан ортақ өзегі – әлемдік дәрежедегі ғалым әрі биік адамгершілік иесі болғандығын айтады, қайталанбайтын ғажайып тұлға болғандығынан сыр шертеді. 12 сәуір қазақ халқының ғылымына өлшеусіз үлес қосқан Қаныш Сәтбаевтың туған күні, 125 жылдық мерейтойы. Осы орайда шәкірті, Ұлттық ғылым академиясының академигі Досмұхамед Кішібековтің және айтулы ғалымның немере жиені Әлішер Қоғабаевтың естеліктерінен ықшамдап, тақырыпшалар қойып, ұсындық.
Тұлға • 02 Қазан, 2023
Бибігүл Төлегенованың әндері мені бір қиындықтан құтқарған еді – Тоқтар Әубәкіров
Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров журналистермен кездесуінде жезтаңдай әнші Бибігүл Төлегенованы үлгі тұтатынын айтып, ол кісіге қатысты естелігін әңгімелеп берді, деп жазады Egemen.kz.