еріктілер туралы
Қоғам • Бүгін, 15:42
Депутат волонтерлік қызметті еңбек өтіліне есептеуді ұсынды
Қазақстанда волонтерлік қозғалыс қарқынды дамып келеді. Соңғы жылдары еріктілер саны айтарлықтай өсіп, қоғам өмірінің маңызды бөлігіне айналды. Осыған байланысты Сенат депутаты Николай Арсютин бастаған халық қалаулылары Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министріне жолдаған депутаттық сауалында волонтерлік қызметті еңбек өтіліне есептеу және еріктілерді әлеуметтік қорғау мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.