ата-аналардың оқуы
Мектеп • Бүгін, 11:45
Сауалнама: Ата-аналардың 78%-ы баласының араласатын ортасын жақсы біледі
Елімізде отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Биылғы жылдың басынан бері ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарында жаңартылған 3.0 бағдарламасы бойынша 86 мыңнан астам сабақ ұйымдастырылып, 650 мыңнан астам ата-ана қамтылды. Оқыту бала тәрбиесін жетілдіруге, психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және мектеп пен отбасының өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталды, деп жазады Egemen.kz.