артық жүк тиеген жүргізуші
Аймақтар • 20 Қараша, 2024
Жамбыл облысында 85 тонна артық жүк тиеген жүргізуші айыппұл арқалады
Көлік министрлігінің Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері ауыр салмақты жел генераторларының бөлшектерін тасымалдайтын «М нефтьСервис» ЖШС-нің көлік құралдарын өлшеді. Өлшеу нәтижесі бойынша орта есеппен алғанда көлікке тиелген артық жүк мөлшері 85 тоннаны көрсетті. Осылайша, ел бюджетіне түсетін қосымша қаражат 26 млн 850 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.