Юлия Кучинская
Парламент • 18 Тамыз, 2025
Егіндікөлді сумен қамту Мәжіліс депутаттарының бақылауында
Ақмола облысының Егіндікөл ауданының тұрғындары Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Юлия Кучинскаяға ауыз судың мәселесіне, жолдардың нашарлығына және ауылдағы жолдардың су астында қалуына қатысты шағымдарын жеткізді. Өз кезегінде мәжілісмен суға қатысты жобалардың іске асырылуына бақылауды күшейтуге уәде беріп, Нұра топтық су құбырын жаңғыртуға арналған кеңес өткізді, деп жазады Egemen.kz.