Тәуелсіздіктің 35 жылдығы
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Тоқаев: Қазақстан халықаралық беделі жоғары, табысты мемлекетке айналды
Бүгін Мемлекет басшысының «Түркістан» газетіне берген кең көлемді сұхбаты жарияланды. Сұхбат барысында Президентке «Биыл Қазақстан халқы қастерлі Тәуелсіздігіміздің 35 жылдық мерейлі белеске жеткенін атап өтеді. Бұл – тарих тұрғысынан алғанда қас-қағым сәт болғанымен, жекелеген мемлекеттер мен адамдар үшін біршама ұзақ мерзім. Сіз Қазақстанның жүріп өткен жолын қалай бағалар едіңіз? Алдағы бағдарымыз қандай?» деген сауал қойылған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.