Тарбия Айдымбаева
Мәдениет • 18 Наурыз, 2024
Тарбия Айдымбаева: Ұлттық киім адамға рух береді
Осыдан 4-5 жыл бұрын «әлемге әйгілі бренд ретінде танытуға әлеуеті жететін ұлттық киіміміз ұмыт болып барады, өзіміздікін елемей, өзгенікін өнегелеп жүрміз» деп жиі шағымданатынбыз. Ала шапанды ағайынды айтып, доппысын басынан тастамай дәріптеп жүргеніне қызыға, қызғана қарайтынбыз. Ал бір туған қырғыз жұрты, жылдардың дүрмегінде «айыр қалпағынан» ажырап қалмады, тіпті мемлекеттік мәртебе беруге дейін барды деп талай тамсанғанбыз... Айта-айта қазаққа да «ұлттық дресс-код» дәуірі туып келеді, деп жазады Egemen.kz.