Су басқан үйлердің артуы күтілмейді
Аймақтар • 21 Сәуір, 2024
СҚО-ндағы тасқынның екінші кезеңі: Су басқан үйлер санының артуы күтілмейді
Солтүстік Қазақстан облысында тасқынның бірінші кезеңінің шарықтау шегі өтті. Бөгеттің жотасы арқылы ең көп су толып кетудің биіктігі 425 см болды, салдарынан 3 419 үй су астында қалды, олардың 3 223-і әлі үй су астында қалып тұр, 196 үйде қауіп жойылды. Бұл туралы СҚО әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин Орталық коммунациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.