Николаевка ауылы
Парламент • 19 Тамыз, 2025
Жемқорлардан тәркіленген қаржы ауылдарды сумен қамтуға жұмсалады - Альберт Рау
Қостанай облысындағы Николаевка ауылында көптеген жылдар бойы ауыз су мәселесі туындап келген болатын. Енді елді мекенде орталықтандырылған су жүйесі іске қосылып, ауыл тұрғындары таза ауызсумен қамтылады. «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асып жатқан орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы осы жылдың қараша айында аяқталады. Құрылыс барысымен Мәжіліс төрағасының орынбасары Альберт Рау мен депутат Еркін Әбіл танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.