Мейджи Джингу ғибадатханасы
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді
Мемлекет басшысы Жапонияға ресми сапары барысында Токиодағы Мейджи Джингу синто ғибадатханасына барды. 1920 жылы салынған кешен императорлық киелі орын саналады. Оның аумағында 120 мыңға жуық ағаш пен жасыл желегі бар саябақ орналасқан, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.