Зардап шеккен 10 отбасыға үй тарту етпек
Аймақтар • 21 Сәуір, 2024
Депутат зардап шеккен 10 отбасыға үй тарту етпек
Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Самат Қалдығұлов су тасқыны кезінде баспанасы суға кеткен тұрғындарға көмек қолын созғысы келетінін айтты. Ол туған жері – Алға ауданы Аманкелді ауылынан су тасқынынан зардап шеккен 10 отбасыға үй тарту етпек, деп хабарлайды Egemen.kz.