Жаңа су кодексі
Қоғам • 10 Маусым, 2025
Елімізде жаңа Су кодексі күшіне енді
Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген аталған құжатта – су ресурстарын басқару жөніндегі шешімдерді қабылдауға жұртшылықтың қатысуы кеңейтілді. Енді су бассейндері бойынша құрылған кеңестер су пайдалануды шектеу, су тасқыны мен қуаңшылықтың алдын алу, жергілікті биліктің қателіктерін түзету туралы ұсыныстар бере алады. Сонымен қатар, құжатта алғаш рет «су қауіпсіздігі» деген ұғым енгізілді. Яғни, ол – халықты және экономиканы су тапшылығы мен су көздерінің ластануынан қорғау, сонымен қатар трансшекаралық су ресурстарын қорғауда еліміздің мүддесін қамтамасыз ету дегенді білдіреді. Су көздерінің тартылып кетуінің алдын алу үшін «экологиялық ағын» деген жаңа ұғым енгізілді. Бұл – өзен, көл, теңіздердің экожүйелерін сақтау үшін қажетті ең төменгі су деңгейі, деп хабарлайды Egemen.kz сала министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 23 Мамыр, 2025
Шаруалар енді еріген қар суын рұқсатсыз жинай алады
Жаңа Су кодексіне сәйкес бұл үшін көлемі 2 млн текше метрден аспайтын тоған немесе қойма салу қажеттігі туындайды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қараша, 2024
Жаңа Су кодексінде ресурстарды қорғауға басымдық беріледі - сарапшы
Су саласының сарапшысы Әмірхан Кеншімов жаңа Су кодексінің жобасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қараша, 2024
Жаңа Су кодексіне тасқыннан қорғау шаралары енгізілді
Президенттің тапсырмасы бойынша жаңа Су кодексінің жобасына тасқын және еріген қар суының алдын алу және қорғау іс-шаралары енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2024
Жаңа Су кодексіне мұздықтарды қорғау шаралары енгізілді
Су ресурстары және ирригация министрлігі Мәжіліс депутаттары мен сарапшылармен бірлесіп жаңа Су кодексінің жобасын пысықтап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Қараша, 2024
Жаңа Су кодексінің артықшылығы қандай
Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген жаңа Су кодексі – Үкімет, министрлік, өзге де мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті уәкілетті органдардың құзыреттерін мұқият реттейді. Бұл – су ресурстарын басқару ісін үйлестіруді жақсартуға ықпал етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қыркүйек, 2024
Жаңа Су кодексі жыл соңына дейін қабылданады
Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында ведомство құрылғаннан бері атқарылған жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ мәліметіне сілтеме жасап.