Атырауды қорғау
Үкімет • 29 Сәуір, 2024
Үкімет басшысы: БҚО-ны тасқын судан сақтай алдық. Келесі міндет – Атырауды қорғау
Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің батысындағы су тасқыны жағдайы бойынша жедел кеңес өткізді, онда өңірді ауқымды тасқыннан қорғау мақсатында ұзақ уақыт бойы күшейтілген жұмыс жүргізіліп жатыр. Үкімет басшысы Атырау облысы басшылығын қала мен елді мекендерді жылжып келе жатқан тасқын сулардан барынша қорғауды міндеттеді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.