Алматы -Тазалық
Алматы • 17 Қазан, 2025
«Алматы Тазалық» жұмысшыларының жалақысы өсті
Бүгін Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Алматы Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына барып, қызметкерлердің еңбек жағдайымен, коммуналдық техника паркінің жаңғыртылу барысымен және қысқы маусым алдындағы қала тазалығын қамтамасыз ету жұмыстарының ұйымдастырылуын қарап шықты. Дәл осы күндері «Алматы Тазалық» қызметкерлерінің саны екі есе көбейіп, жалақысы 55%-ға дейін өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.