«Покиту»
Логистика • 23 Шілде, 2025
Жүргізушісіз жүк көліктері жолға шығады
Қазақстан мен Қытай шекарасында жүргізушісіз жүк көліктері қатынайтын жаңа жүйе іске қосылды. Бұл – «Бақты» – «Покиту» шекаралық өткізу бекетінде жүзеге асырылып жатқан «Ақылды кеден» пилоттық жобасының нәтижесі. Енді жүк көліктері шекараны автоматты түрде, яғни жүргізушісіз кесіп өтетін болады, деп жазады Egemen.kz.