«Орталық Азия ренессансы»
Парламент • 23 Қыркүйек, 2025
Мәулен Әшімбаев Орталық Азия мемлекеттерінің III Парламентаралық форумына қатысты
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Палата делегациясы Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Сенат Спикері Бішкекте өткен Орталық Азия мемлекеттерінің III Парламентаралық форумында сөз сөйледі және Қырғызстан Жогорку Кенешінің Төрағасы Нұрланбек Тұрғынбекуулумен кездесті. Сондай-ақ қазақстандық делегация Қазақ-қырғыз зиялыларының IX форумына қатысты, деп жазады Egemen.kz.