«Нарын КомХоз Сервис»
Аймақтар • 15 Мамыр, 2025
Үлкен Нарын ауданында екі жұмысшы қаза тапты
Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданында су құбыры жарылған жерде апатты-қалпына келтіру және жер қазу жұмыстары кезінде топырақ опырылып кеткен. Салдарынан «Нарын КомХоз Сервис» коммуналдық кәсіпорнының екі қызметкері – 1983 жылы туған дәнекерлеуші Ержан Айтпаев пен слесарь 1970 жылы туған Сергей Кастерин қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.