«Зейнетақыңызды көбейтеміз»: жаңа алаяқтық тәсіл пайда болды
Қоғам • Бүгін, 18:40
«Зейнетақыңызды көбейтеміз»: жаңа алаяқтық тәсіл пайда болды
БЖЗҚ салымшылар арасында телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа түріне байланысты шағымдардың көбейгенін хабарлады. Қаскөйлер өздерін Қор қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға еңбек өтілінің бір бөлігі есепке алынбағанын және қайта есептеу арқылы болашақ зейнетақы мөлшерін арттыруға болатынын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz