«Жасыл» технология
Оқиға • 03 Желтоқсан, 2024
«Жасыл» технологияны енгізудің маңызы зор - Мәулен Әшімбаев
Парламент Сенатында Палатаның Қоғамдық Жобалық кеңсесінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда Қазақстанда туризмді дамыту, табиғатты қорғау және туристік орындарда қажетті инфрақұрылым қалыптастыру мәселелері талқыланды. Жиынға Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев, мемлекеттік органдардың, сараптама және бизнес қауымдастық өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.