«Атамекен» Өңірлік кеңесі
Оқиға • 29 Тамыз, 2025
Aitu-дың нарықты дамытудағы рөлі талқыланды
Алматыда MOST IT HUB алаңында «Атамекен» Өңірлік кеңесі мен креативті индустриялар және IT бойынша Салалық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. ІТ-секторды нығайту және цифрлық экономиканы дамыту бойынша диалог пен бірлескен қадамдарды әзірлеу үшін маңызды тұғырнамаға айналған алаңға бизнес, технологиялық компаниялар өкілдері, инвесторлар мен индустриялық әріптестер жиналды, деп жазады Egemen.kz.