«Астана-Теплотранзит» АҚ
Қоғам • 12 Ақпан, 2026
Неліктен жылыту үшін ақы әр айда әртүрлі? «Астана-Теплотранзит» себебін түсіндірді
«Астана-Теплотранзит» АҚ мәліметінше, тұрғындар түбіртегіндегі сомманың көбеюі сыртқы ауаның орташа температурасына тікелей байланысты. Ауа температурасы төмендеген сайын тұрғын үйлерде нормативтік температураны сақтау үшін көбірек жылу энергиясы қажет. Сәйкесінше, төлем мөлшері де көбейеді, деп жазады Egemen.kz.