орда
Елорда • 28 Шілде, 2021
Нұр-Сұлтандағы сауда орындары Ashyq-қа қосылады
Нұр-Сұлтанның жабық сауда орындары өзге кәсіпкерлік нысандары секілді «Ashyq» жобасына қосылады. Бұл коронавирустың таралу қаупін азайтуға, осылайша қызметкерлер мен келушілерді қорғауға және нысанның қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 28 Шілде, 2021
Қызылорда облысы жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды
Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының басшысы қызметіне Медет Усаин тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Сыр бойы басылымына сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Шілде, 2021
Қызылорда облысында 18 кене шағу фактісі тіркелді
Қызылорда аймағы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан. Өңірдегі 113 елді мекен қолайсыз аймаққа енген. Жыл басынан бері 288 тұрғын кене шағу бойынша медициналық көмекке жүгінген. Күдікті деп 18 жағдай есепке алынса, оның 11 жағдайы нақтыланды. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz «Сыр бойы» басылымына сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Шілде, 2021
Нұр-Сұлтанда 100-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі жойылды
Нұр-Сұлтан әкімдігі қаланың экологиясын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Соның ішінде қала аумағында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою және болдырмау бойынша жұмыстар қолға алынған. Жыл басынан бері экологиялық полициямен бірлесіп 100-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылды. Полигонға 70 мың тоннадан астам қалдық шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 26 Шілде, 2021
Елордада демалыс күндері сұлулық салондары, фитнес-орталықтар және бассейндер жұмыс істемейді
Елордада санитарлық дәрігердің карантинді қатайту шаралары туралы қаулысы күшіне енді. КВИ ауруының өсуіне байланысты бірқатар нысанның жұмыс тәртібі қысқарды, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 26 Шілде, 2021
Вакцина алмағандар реанимацияға түсіп жатыр - басқарма
Реанимация бөліміне КВИ-ға қарсы вакцина алмаған пациенттер түсіп жатыр. Стационарға жеткізілгеннен кейін олардың денсаулығы екі-үш күнде өте ауыр күйге дейін нашарлайды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты.
Елорда • 26 Шілде, 2021
Нұр-Сұлтанда қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты қысқарды
Бүгін, яғни 26 шілдеде елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Нұр-Сұлтандағы карантиндік шараларды қатаңдату туралы жаңа қаулысы күшіне енді. Оның негізінде қаладағы қоғамдық тамақтану нысандарының – дәмханалардың, мейрамханалардың, кофеханалардың және асханалардың жұмыс тәртібі өзгерді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Коронавирус • 26 Шілде, 2021
Елорданың жансақтау бөліміне вакцина алмағандар түсіп жатыр
Нұр-Сұлтан қаласының жансақтау бөліміне КВИ-ға қарсы вакцина алмаған науқастар түсіп жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Елорда • 26 Шілде, 2021
Нұр-Сұлтанда үш күн ішінде 70-тен астам нысан карантин бұзды
Өткен тәулікте, 25 шілдеде елорданың мониторингтік топтары карантин талаптарын бұзған 9 кәсіпкерлік нысанын анықтады. Қала мекемелерінде көбінесе бетперде режимі, жұмыс кестесі, әлеуметтік арақашықтық сақталмайды және адамдардың көп жиналуына жол беріледі, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Елорда • 26 Шілде, 2021
«Жүректен жүрекке» акциясы аясында 100 отбасыға көмек көрсетілді
Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен астаналық еріктілер «Жүректен жүрекке» акциясын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 25 Шілде, 2021
Қызылорда облысында сайлаушылардың 48%-дан астамы дауыс берді
Қызылорда облысындағы сайлау учаскелеріне 36 071 адам келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Шілде, 2021
Президент Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің есебін тыңдады
Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің есебін тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
Президент • 23 Шілде, 2021
Президент жалға берілетін тұрғын үйлердің маңыздылығы туралы айтты
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің биылғы жартыжылдықтағы жұмыстарының негізгі бағыттары туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.
Елорда • 22 Шілде, 2021
Елордада эпиджағдай қиындап барады
Елордада соңғы бір аптада коронавирус инфекциясын күн сайын 1200-ден 1500-ге дейін адам жұқтырғаны анықталуда. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 22 Шілде, 2021
Елордада тағы бір көше уақытша жабылды
Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Иманов көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Тәуелсіздік • 21 Шілде, 2021
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Елордада 500-ден астам іс-шара өтеді
Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық, республикалық, қалалық және аудандық деңгейлерде 300-ден астам түрлі іс-шара өткізілді. Мерейтойлық күнді атап өтудің аралық қорытындылары туралы онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Видео • 21 Шілде, 2021
5 жасар қызды қорламақ болған: Интернетте педофилдің ұсталған сәтінен видео тарады
Facebook-те Қызылордада 5 жасар қызды зорламақ болған адам туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Шілде, 2021
Нұр-Сұлтанда ломбард тонаған адам ұсталды
Елорда полицейлері ойыншық тапаншамен ломбард тонаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 19 Шілде, 2021
Ертең елордада базарлар мен сауда орталықтары қалай жұмыс істейді?
20 шілде – Құрбан айт мерекесіне орай қазақстандықтар үшін демалыс. Соған байланысты Нұр-Сұлтанда базар, дәмхана, СОО және қоғамдық көлік жұмысында қандай шектеулер болатыны айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Шілде, 2021
Елорда әуежайы 17 сағаттық режимге көшеді
21 шілде мен 9 тамыз аралығында Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан ұшатын жолаушыларға рейстердің келу-кету уақытын қосымша нақтылап отыру қажет, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Шілде, 2021
Қызылордадағы ойын-сауық орталығында жарылыс болды
Бүгін таңғы сағат 7.20-да Қызылорда қаласындағы балаларға арналған «Пумба» ойын-сауық орталығында газ бен ауа қоспасының жарылысы болды. Бұл туралы облыстық өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 19 Шілде, 2021
Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 13 мекеме карантин режимін бұзған
Елордада кәсіпкерлік нысандары арасында карантин режимін бұзғандарды анықтау және жолын кесу жөніндегі мониторингтік топтар тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Мәселен, өткен тәулікте қалада шектеу шаралары сақталмаған 13 мекеме мен дүкен анықталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 19 Шілде, 2021
Елордада 20 шілдеде қоғамдық көліктер жүре ме?
Елордада алдағы мереке күні, 20 шілдеде қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар жүреді. Бұл туралы City Transportation Systems баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 18 Шілде, 2021
Алматыда бұрылыс эстакадасы пайдалануға берілді
Алматыдағы «Алтын орда» базары маңындағы жол торабында "Таға" тәріздес бұрылыс эстакадасы іске қосылып, көліктер үшін жүріс ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Шілде, 2021
Демалыс күндері қоғамдық көліктерді шектеу тиімді ме - министрлік жауабы
Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова демалыс күні қоғамдық көлік жұмысын шектеудің тиімділігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Шілде, 2021
Елордада есірткі саудасымен айналысқан күдікті ұсталды
33 жастағы азаматтың көлігі елорданың Қосшығұлұлы көшесінде тоқтатылған. Тінту кезінде гашиш есірткісі оралған 13 полиэтилен пакет табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 16 Шілде, 2021
Елорданың бас санитар дәрігері тұрғындарға үндеу жасады
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова елордада Құрбан айт өткізу талаптарын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Шілде, 2021
Қызылорда облысында Құрбан айтқа байланысты жаңа қаулы қабылданды
Қызылорда облысында карантин талаптарына байланысты жаңа қаулы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 16 Шілде, 2021
Нұр-Сұлтанда соңғы үш күнде КВИ жұқтыру көрсеткіші күрт өсті
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова елордадағы эпидемиологиялық ахуалды баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Шілде, 2021
Нұр-Сұлтанда карантин 17 шілдеден бастап қалай күшейтіледі
ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасы негізінде елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда карантиндік және шектеу шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.