ет
Үкімет • 30 Қараша, 2024
Алматыда Қазақстандағы ЮНЕСКО мәдени мұраларын қорғау бойынша перспективалық жоспарлар талқыланды
Абай атындағы ҚазҰПУ-да ЮНЕСКО қорғауындағы Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын қорғау жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өтті.
Сауда • 29 Қараша, 2024
Қарағандыда жаңа маркетплейс жұмысын бастады
Қарағандыда жаңа Teez маркетплейсі өз жұмысын бастады. Оның негізгі артықшылығы - тапсырыстарды бір күн ішінде жеткізу. Тапсырыс беру пункттері елдің 24 өңірінде ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 29 Қараша, 2024
Сәтбаев университетінде іргетас капсуласы салынды
Сәтбаев университетінде оқу ордасының 90 жылдық мерейтойына орайластырып, жаңа студенттер жатақханасы құрылысының басталуына орай болашақ ұрпаққа жолдау жазылған іргетас капсуласы салтанатты түрде салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 29 Қараша, 2024
Көктемгі егін жинау жұмыстарын қаржыландыру басталды
Үкімет АӨК дамыту жөніндегі міндеттерге қол жеткізу мақсатында кешенді шаралар қабылдап жатыр. Қазақстанда Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша фермерлердің өтініш-тілектерін ескере отырып, осы жылдың 29 қарашасынан бастап 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 29 Қараша, 2024
Мемлекеттік басқарудың жаңа көкжиектері
Биыл Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрылғанына – 30 жыл. Оның қалыптасуы мемлекеттік басқарудың бейімділігі, белсенділігі мен сапасына жаңа талаптар қойған жаһандық өзгерістер мен трендтер аясында өтіп жатыр. Бұл кезең, сонымен қатар, осы және басқа да сын-қатерлерге жауап ретінде мемлекеттік басқарудың жаңа доктриналарының пайда болуымен сипатталады.
Қоғам • 29 Қараша, 2024
Бір жылда 1400 отбасы «Халық» қорынан баспана кілтін алды
Ел тарихында жеке тұлғаның мұндай көлемде көмек көрсетуі бұрын-соңды болмаған. Біздің қазақстандықтар үшін ең өзекті мәселенің бірі - баспана. Freedom Finance Global компаниясының 2023 жылғы зерттеуіне сәйкес, халықтың тек 9,3% ғана бос жалға берілетін жылжымайтын мүлікке ие екен.
Спорт • 29 Қараша, 2024
Шаңғы альпинизмінен ел чемпионаты өтеді
Шаңғы альпинизмі ресми танылғаннан кейін алғаш рет Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қараша, 2024
Көкшетауда жаңа жол мен көпір ашылды
Көкшетауда Қопа көлі бойындағы жаңа жол бойында көлік қозғалысы және Застанционный шағын ауданындағы көпір ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 29 Қараша, 2024
Іле-Алатау паркінде сібір тауешкісі мен жабайы қабан фототұзаққа түсіп қалды
Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жабайы жануарлар фототұзаққа түсіп қалды. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 28 Қараша, 2024
Жамбыл облысында 500-ден аса петроглиф мемлекет қорғауына алынды
Тарихи жәдігерлер Байзақ ауданы Ботамойнақ тауындағы Қарасай шатқалынан табылған. Археологтардың сөзінше, тастағы таңбалар 5 мың жыл бұрын салынған. Жартастарда аңдардың бейнесі мен адамдардың аңшылық тәсілдері бейнеленген, деп хабарлайды Egemen.kz. zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Президент • 27 Қараша, 2024
Елімізде жалпы қуаты 370 МВт болатын жобалар пайдалануға берілді - Президент
Мемлекет басшысы бір жыл бұрын Қазақстан мен Ресейдің энергетикалық жүйелерінің қосарлас жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы үкіметаралық келісімге қол қойылғанын еске салды. Бұл туралы Ақорда хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 27 Қараша, 2024
ЕҚДБ Қазақстандағы әлеуметтік жобаларды қолдауға әзір
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Еуропалық қайта құру және даму банкінің Орталық Азия және Моңғолия бойынша басқарушы директоры Хусейн Озханмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қараша, 2024
Астанада кәмелетке толмағандар арасында 150 құқық бұзушылық тіркелген
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында елорданың бес ауданында тұрақты негізде «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу іс-шаралары өткізіледі. Рейдтік іс-шаралар басталғалы бері 150-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша 109 факт тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 27 Қараша, 2024
Маңғыстау облысында бу-газ қондырғысы салынады
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «China Huadian Corporation Ltd.» мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесті. Компания электр және жылу энергиясын өндіруге және жеткізуге маманданған, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнер • 27 Қараша, 2024
Астанада Петр Чайковскийдің шығармашылығына арналған концерт өтеді
1 желтоқсанда «Астана Опера» театры К.Байсейітова атындағы Камералық залының сахнасына елімізге танымал орындаушылар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері баритон Азамат Жылтыркөзов пен пианист Долорес Үмбетәлиева әлемдік классик П.Чайковскийдің шығармашылығына арналған «Средь шумного бала...» бағдарламасын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Қараша, 2024
166 адамның жалақысынан заңсыз қаражат алған шенеуніктер жауапқа тартылды
Жетісу прокурорлары мүгедектігі бар адамдар мен көпбалалы аналардың құқықтарын бұзған лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 27 Қараша, 2024
Елорда төрінде орналасқан Ұлттық архивте Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Архив-2025: нәтижелер мен мәселелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Спорт • 27 Қараша, 2024
Қазақтың 17 жасар спортшысы әлемдік шыңды бағындырды
Токиода киокушинкай каратэден Әлем кубогінде 17 жасар Елнұр Дәуілбай үздік нәтижемен жеңімпаз атанды, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 27 Қараша, 2024
Серік Сәпиев жаңа қызметке келді
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндеттерін орындауға атақты боксшы, Олимпиада чемпионы және Вэл Баркер кубогының иегері Серік Сәпиев кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 27 Қараша, 2024
Третьяков галереясы мен Эрмитажда Қазақстан көрмелері өтеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде шығатын «Известия» газетіне жарияланған мақаласында көрші елмен Қазақстанның мәдени-гуманитарлық байланыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Қараша, 2024
Владимир Путинмен жиі хабарласып тұрамыз - Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресейлік «Известия» газетінде көлемді мақаласы жарияланды. Президент өз мақаласында екі ел арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігіне тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 26 Қараша, 2024
Қазыналы қариялар редакцияда қонақта
Психологтардың айтуынша, құрметті демалыстан кейінгі уақыт – адамның өзі үшін өмір сүретін ең әдемі кезеңі. Қызмет бабымен жүріп екінші, бәлкім үшінші, төртінші орынға ысырылып қалған арман-қиялдарын адам зейнетке шыққаннан кейін жоғалтпай жүзеге асыра алса – ол өмірі мағыналы нағыз бақытты адам. Сөзімізге дәлел ретінде Астана қаласында орналасқан «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» аталары мен әжелерін айтуға болады. Күні кеше осы қазыналы қариялар «Егемен Қазақстан» газеті редакциясына қонаққа келіп, журналистермен кездесіп, жұмыс барысымен танысты. Кездесуді «Қазақ газеттері» ЖШС директорының орынбасары Қамбар Ахмет жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қараша, 2024
Еліміздегі 2,8 мың шақырымнан астам теміржол жөнделді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын және транзиттік әлеуетті дамыту мәселесі қаралды. Көлік министрі Марат Қарабаев тасымалдау динамикасы мен инфрақұрылымдық жобалар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қараша, 2024
Арал теңізіне 1,6 млрд текше метр су жіберіледі
2025 жылдың сәуір айына дейін Арал теңізіне шамамен 1,6 млрд текше метр су жіберу жоспарланып отырғанын сала министрі Нұржан Нұржігітов мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 26 Қараша, 2024
Қызылордада пара алған полиция қызметкері ұсталды
Қызылордада 2 миллион теңге пара алған полиция қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмыс • 26 Қараша, 2024
Елімізде 13 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 246 шетел азаматы еңбек ететіні анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 26 Қараша, 2024
Биыл 2 млн гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды
Қазақстанда биыл екі миллион гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қараша, 2024
Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткен екі адам табылды
Қараша айының басында жоғалып кеткен әйел мен ер адам тірі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қараша, 2024
Түркістан облысының бас ветеринары сотталды
Түркістан қалалық сотының үкімімен облыстық ветеринария басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК басшысы Б.Бегманов сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 25 Қараша, 2024
Тұман, көктайғақ: 10 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Синоптиктердің болжамына қарағанда, ертең, 26 қарашада еліміздің 10 өңірінде ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды Egemen.kz.