ана
Қоғам • 04 Қазан, 2023
Астанада салынып жатқан ғимарат отқа оранды
Астана қаласындағы Хусейн бен Талал көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылы қиылысында салынып жатқан ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Қазан, 2023
Жанармай қымбаттай ма? Министр жауап берді
ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев KazEnergy XV Еуразиялық форумы барысында жанар-жағармай бағасы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы «Тұран» газ жылу станциясына барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станцияларының, сорғы-сүзгі станциясының және үшінші ЖЭО-ның құрылыс жұмыстарының барысымен танысты, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 03 Қазан, 2023
Елордада жылыту маусымы қашан басталады?
Астана қаласында 5 қазаннан бастап жылу беріле бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Қазан, 2023
Түркітілдес халықтар руханиятының мәселесі талқыланады
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы «Түркі тілдес халықтар руханиятының тарихи-мәдени деректері (ХІХ ғ. – ХХ ғ. басы)» тақырыбында республикалық ғылыми семинар өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz ғылыми орталыққа сілтеме жасап.
Үкімет • 02 Қазан, 2023
Қазақстанда 20 жаңа көпбейінді аурухана салынады
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысында Қазақстанның денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Форум • 01 Қазан, 2023
Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары елордада бас қосады
Қазір Астанада Съездің ХХІ хатшылығына дайындық жүріп жатыр. 11 қазанда Қазақстанның бас шаһарында ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, синтоизм сияқты әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері Ұлыбритания, АҚШ, Ватикан, Мысыр, Әзербайжан, Пәкістан, Иран, Израиль, Қытай, Моңғолия, Жапония, Үндістан сынды 24 елден қатысады.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2023
Батыс Қазақстан облысында республикалық Аналар кеңесінің форумы өтті. Орал қаласындағы Достық үйінде «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» тақырыбымен бас қосқан жиында рухани-адамгершілік тәрбие барысы талқыланып, өңірлік Аналар кеңестері өз тәжірибесімен бөлісті.
Елорда • 28 Қыркүйек, 2023
Астанада 60 мемлекеттік балабақша ашылады
Бұл туралы елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана әкімінің орынбасары Есет Байкен хабарлады, деп жазады Egemen.kz қала әкімдігінң баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 28 Қыркүйек, 2023
Елордада 15 оқушылар сарайы ашылады
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында елордада 2029 жылға дейін 15 Оқушылар сарайының құрылысы жоспарланған. Алдағы екі жылда 5 заманауи Оқушылар сарайы іске қосылады. Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Есет Байкен мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2023
Курчатовта 64 отбасыға жаңа пәтер кілті табысталды
Абай облысына қарасты Курчатов қаласында 64 отбасы баспаналы болды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Қыркүйек, 2023
Зухра Ерназарова − Азия ойындарының чемпионы
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында еліміздің спортшылары екінші алтын медальді иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 27 Қыркүйек, 2023
Астананың Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 26 Қыркүйек, 2023
Ғани Бейсембаев ел мектептерін тексеруден өткізуді тапсырды
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстан мектептерінде қауіпсіздік шараларын күшейту қажет екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 26 Қыркүйек, 2023
Қазақстан ерлер құрамасы нысана көздеуден күміс медаль алды
Құрамында Ыбраев Бақтияр, Худяков Андрей мен Нәзірқұлов Асадбек бар Қазақстан командасы 10 метрден қозғалмалы нысанаға атудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Қыркүйек, 2023
«Алматы жастары» бағдарламасы аясында 1100 жас баспаналы болады
Отбасы банк байқаудан өткен азаматтардың бір тобын қала әкімдігімен бірге құттықтап, салтанатты түрде гүл шоқтарын табыс етті. Жас мамандар Отбасы банкінен 5 пайыздық (ЖТСМ 5,2% бастап) мөлшерлемемен заем алу арқылы баспаналы болды.
Спорт • 25 Қыркүйек, 2023
Никита мерген қоржынға қола салды
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қоржынымызға кезекті қола медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Қыркүйек, 2023
Астанадағы мектептердің бірінде оқушы баспалдақтан құлап кетті
Әлеуметтік желіде Астанадағы мектептердің бірінде екінші сынып оқушысы баспалдақтан құлап, жансақтау бөліміне түсті деген ақпарат тарады. Белгілі болғандай, қазір баланың жағдайы тұрақты. Ол жансақтау бөліміне жатқызылған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Қыркүйек, 2023
Астанада қарттар күніне орай флешмоб өтті
Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының және Есіл ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «1 қазан – Халықаралық қарттар» күніне арналған «Денсаулық флешмобы» өтті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 21 Қыркүйек, 2023
Елордада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді
Астанадағы «Тарлан» мұз айдынында 6-11 қазан аралығында Astana 2023 World Championship B-Pool өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 19 Қыркүйек, 2023
«Ұлы дала жорығы»: Астана шабандозы рекорд кітабына енді
1300 шақырымды еңсерген шабандоз Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 19 Қыркүйек, 2023
Елордада екі көше учаскесі уақытша жабылды
Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Р.Қошқарбаев даңғылы мен С.Нұрмағамбетов көшесінің сол жағына орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 18 Қыркүйек, 2023
«Әркімнің жолы – әртүрлі сапар» кітабының таныстырылымы өтті
Бас редакторлар клубы мен ЕҰУ-нің журналистика және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында марқұм журналист-публицист, саясаттанушы, Бас редакторлар клубының бұрынғы президенті, «Құрмет» орденінің иегері Кенжеболат Жолдыбайдың «Әркімнің жолы – әртүрлі сапар» атты кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 16 Қыркүйек, 2023
Астанада жалпықалалық сенбілікке 56 мыңнан астам адам шықты
Елордада «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр. Астананың тазалығына 56 мыңнан астам қала тұрғыны шықты, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Үкімет • 16 Қыркүйек, 2023
«Ауыл аманаты»: Ауыл тұрғындарына 7,5 мыңға жуық шағын несие берілді
Үкімет Президенттің ауыл шаруашылығы кооперациясы арқылы ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тапсырмасын белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Бұл мақсатта «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылып отыр, оның шеңберінде ауыл тұрғындарына жылдық 2,5%-бен 5-7 жыл мерзімге шағын несие беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 14 Қыркүйек, 2023
Марқұм құтқарушының құрметіне мурал салынады
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен «Сарыарқа» ауданы әкімі аппараты бірлесіп, елордадағы тұрғын үй өрті кезінде адамдарды құтқарған Асқар Забикулиннің құрметіне мурал салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қыркүйек, 2023
19 млн теңге: Астанада алимент төлеуден жалтарған азамат қамалды
Астана тұрғыны 19 млн теңге көлемінде алимент төлемегені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Қыркүйек, 2023
Бағдат Мусин Қазақстанда интернет баяу екенін мойындады
Бұған дейін «Қазақстандағы интернет Токиоға қарағанда жақсырақ» деген мәлімдеме жасаған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әдеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшыраған еді. Бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында министр елде байланыс сапасына қатысты мәселелер бар екенін мойындады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 13 Қыркүйек, 2023
Алматы тұрғындары елордалықтарға қарағанда ақшаны көп жұмсайды
Jusan Analytics тобы ел тұрғындары тапқан табысының 60-70 пайызын қайда жұмсайтыны бойынша зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 12 Қыркүйек, 2023
Астанадағы көлік кептелісі мәселесі қалай шешілетіні айтылды
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қала көшелеріндегі көлік кептелісі жаңа көпірлер ашу арқылы шешілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.