П
Қазақстан • 14 Қазан, 2020
Қазақстанда жол апаты 25,4%-ға азайды
Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте 7541 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 10979 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда жол апаты 25,4%-ға кеміді. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 14 Қазан, 2020
Атырауда Мемлекеттік кірістер департаментінің экс-басшысы бас бостандығынан айырылды
Атырау облысындағы Мемлекеттік кірістер департаментінің бұрынғы басшысы ақша бопсалады деп айыпталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Атырау қаласындағы № 2 сотының баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Президент • 14 Қазан, 2020
Мемлекет басшысы Қырғызстан президенті туралы пікір білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 13 Қазан, 2020
Тергеу изоляторында отырған азаматтарға екпе салынды
Атыраулық тергеу изоляторында жазасын өтеп жатқан сотталғандар мен тергеуге қамалған азаматтарға тұмауға қарсы екпе салынды, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Қазан, 2020
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Мереке Пішембаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 13 Қазан, 2020
Президент Еуразия Ұлттық университетінің ректорына бірқатар тапсырма жүктеді
Мемлекет басшысына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің биылғы жұмыстары және Оқу орнын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жоспары туралы ақпарат берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 13 Қазан, 2020
"Абу-Даби Плаза" құрылысы 2021 жылы аяқталады
Бас шаһардағы "Абу-Даби Плаза" көпфункционалды кешенінің құрылысы 2021 жылы аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 13 Қазан, 2020
Жолаушылар пойыздарының кестесі ауысты
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында жолды жөндеу бойынша жоспарлы жұмыстарға байланысты жолаушылар пойыздарының кешігуі туралы ескертілді, деп хабарлайды Egemen.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 13 Қазан, 2020
Жапонияда хакім Абайдың шығармалары жапон тілінде жарық көрді
Жапонияның саяси, мәдени және қоғамдық топтарының, сондай-ақ дипломатиялық корпустың қатысуымен қазақ ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының жапон тілінде алғашқы рет шығарылған шығармалар кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 13 Қазан, 2020
Елордада әлеуметтік пәтерлер берілді
Нұр-Сұлтанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде кезекте тұрған 900-ден астам салымшы көптен күткен пәтерлерін алды. Биыл жеңілдетілген тұрғын үй құрылысының көлемі үш есеге артты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 13 Қазан, 2020
Алматыда карантин кезінде кәсіпкерлерді қолдайтын қолжетімді тетіктер
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 13 Қазан, 2020
Жыл басынан бері 85 418 баспана пайдалануға берілді
Республика бойынша барлығы 85 мың 418 баспана пайдалануға берілді. 14 өңірде тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі артты. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 13 Қазан, 2020
Ұлттық банк қаржылық қызметтерді алу үшін қашықтан биометриялық сәйкестендіру сервисін іске қосты
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды. Банк саласының жағдайы туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 13 Қазан, 2020
Дональд Трамп коронавирустан толық айықты ма?
Соңғы бірнеше күн қатарынан АҚШ президенті Дональд Трамптың коронавирусқа тапсырған тест сынамалары теріс нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Қазан, 2020
Б.Сағынтаев қалалықтарды санитарлық-эпидемиялық шараларды сақтауға шақырды
Алматы қаласының әкімі «Алматы» ТА-ның Akimat Live бағдарламасындағы тікелей эфир барысында қалада қалыптасқан санитарлық-эпидемиялық ахуал туралы толығырақ айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 13 Қазан, 2020
Нидерландта екінші рет коронавирус жұқтырған науқас қайтыс болды
Нидерландта коронавирустың жаңа түрін қайта жұқтырған 89 жастағы әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Риа Новостиге сілтеме жасап.
Қазақстан • 13 Қазан, 2020
Пневмония мен коронавирустан 5 адам қайтыс болды
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 10 адам емделіп шықты.
Коронавирус • 13 Қазан, 2020
Елордаға ұшып келген 104 жолаушы стационарлық карантинге жатқызылды
Нұр-Сұлтанға шетелден ұшып келген ПТР тесті жоқ 104 жолаушы стационарлық карантинге жіберілді. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 13 Қазан, 2020
Өткен тәулікте 70 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 70 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Қазан, 2020
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы әскери жаттығулар өткізу туралы келісім ратификацияланды
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы әскери жаттығулар өткізу туралы келісім ратификацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Қазан, 2020
"Дипломмен ауылға" жобасы аясында 372 маманға жеңілдетілген тұрғын үй несиесі берілді
Ауылдық жерлердегі маман тапшылығын жойып, елді-мекендердің әлеуетін арттыруға бағытталған "Дипломмен ауылға" жобасының жыл өткен сайын маңыздылығы артып келеді. Аталған жоба бойынша жолдама берілетін мамандықтардың қатары 2015 жылдан бастап агроном, ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық фельдшер, ветеринариялық техник, зоотехник, инженер-технолог, балық өсіруші, технолог, фермер мамандықтарымен толықты. "Дипломмен ауылға" жобасымен елді-мекендерге жұмысқа орналасқан жас мамандарға берілетін қаржы да жыл өткен сайын өсіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 12 Қазан, 2020
Павлодардағы Кәсіпкерлік және сауда басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Павлодар облысының Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы лауазымына Айбек Тұрсынғалиев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 12 Қазан, 2020
ПТР анықтамасы жоқ 17 шетелдік депортацияланды
ПТР анықтамасы жоқ 17 шетелдік депортацияланды. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов толығырақ айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 12 Қазан, 2020
Қазақстанға ұшып келген 6 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен ұшып келген алты отандасымыздың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 12 Қазан, 2020
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды Тәжікстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануымен құттықтап, сайлау қорытындылары оның стратегиялық бағытына деген жоғары сенім мен бүкілхалықтық қолдаудың белгісі екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Қазан, 2020
Нұр-Сұлтанда карантин тәртібін бұзушыларға айыппұл салынды
Елордада шағын және орта бизнес субьектілеріне күнделікті рейд жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 12 Қазан, 2020
Нұр-Сұлтанға Мәскеуден ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтанға келген әуе жолаушылардың бірінен коронавирус анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Қазан, 2020
Атырауда Каспий теңізінің жағалауы тағы да өртенді
Каспий теңізінің жағалауында өскен қамыстың өртенуі тоқтар емес. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 10 қазанда жағалаудағы батпақты жерде тағы да қамыс өрті тұтанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Қазан, 2020
Эмомали Рахмон Тәжікстандағы президенттік сайлауда жеңіске жетті
Жексенбіде өткен Тәжікстандағы президенттік сайлауда Эмомали Рахмон жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Видео • 12 Қазан, 2020
Өткен аптаның өзекті жаңалықтары
Кезекті топтамада елде және әлемде болған маңызды оқиғаларға шолу жасаймыз. Өткен аптада елде және жаһанда бірқатар елеулі оқиға болды. Атап өтсек, Мемлекет басшысы коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте сөз сөйледі. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияға және экономикалық дағдарысқа төтеп беру үшін мемлекет барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын, алайда бұл жұмысты бүкіл ел болып, жұмыла білсек қана өз нәтижесін беретінін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz